Ақмола облысында баласы өз анасының алтынын ұрлап, сатып жіберді

Келтірілген шығын мөлшері - 160 000 теңге.

Фото: Фото: aif.ru28 Қараша 2017, , 17:44
Ақмола облысында полиция алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен ауыл тұрғынын ұстады. Жігіт өз анасына тиесілі алтын бұйымды қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 16 қараша күні Целиноград ауданы, Софиевка ауылында болған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер үйіне басып кіріп, сандықта жатқан алтын бұйымды ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын мөлшері - 160 000 теңге. Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің полициясы оперативті іздеу шарасын жүргізіп, жәбірленушінің таныстары мен туысқандарын, көрші-көлемін тергеді. Ұрлықты ізін суытпай ашу мүмкін болған жоқ, алайда полицейлер барлық ломбард пен бұйым тапсырылуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188 бап, 1 бөлімі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті 27 қарашада қолға түсті. Ол жәбірленушінің отыз жастағы ұлы болып шықты. Тәртіп сақшылары қылмысты жәбірленушінің танысы жасады деген тұжырымға тоқтады, өйткені, алтыннан басқа ештеңе ұрланбаған. Жәбірленушінің ұлы қылмысын мойындамағанымен, алтынды ломбардқа өткізіп үлгерген. Қазіргі таңда ер адам істеген қылмысына өкініп отыр. Ер адамның еш жерде жұмыс істемейтіні және анасымен бірге тұратыны анықталды. Ақша қажет болған соң, анасының алтынын ұрлаған. Тергеу жүргізілуде. Фото: aif.ru

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ