Астана әкімдігі тұрғындарға қазақ тілін үйрету үшін 20 млн теңге бөлді

www.dalanews.kz
Биыл қазақ тілін үйренетін мектепке 1500 адам жазылды.
Астана қаласының әкімдігі келесі жылы қазақ тілін үйрету курстары үшін 20 млн теңге қаржы қарастырып отыр. Бұл туралы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мәлімдеді, - деп жазады Sn.kz.

Аталған басқарма жыл басынан бері елордадағы сауда нүктелері мен мемлекеттік органдарға тіл заңнамасының сақталуына байланысты 120 рет рейд ұйымдастырып, түрлі байқаулар мен семинарлар өткізген.

«Өткен жылы 1500 адам қазақ тілін үйренетін мектепке жазылды. Биыл да 1500 адам жазылды. Оған бізде 20 млн теңге қаралған. Оны байқаулар өткізуге береміз. Біреуі 10 млн ұтып алуы мүмкін. Біреуі 12, енді біреуі 8 млн ұтып алуы мүмкін. Сөйтіп, өздері оқытады», – дейді қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышғашбаев.

Фото: www.dalanews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды