Павлодар облысында семіздік дертіне шалдыққандар саны артуда

Соңғы екі жылдың ішінде 1331 бала және 2375 ересек адам есепке алынған.

Фото: Рavlodarnews.kz29 Қараша 2017, , 11:29
Биылғы жылы Павлодар облысында артық салмақтан зардап шеккендер саны 2083 адамды құрап отыр. 2016 жылмен салыстырғанда (1821) олардың саны 262-ге артқан, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Салтанат Төлегенова айтты. - Соңғы екі жылдың ішінде 1331 бала және 2375 ересек адам есепке алынған. Әсіресе, 14 жасқа дейінгі балалар мен 18 жастан жоғары жастарда шамадан тыс салмақ жинау байқалады. Қазіргі таңда бұл әлем бойынша өзекті мәселеге айналған. Семіздікпен зардап шегетін тұлғаларды анықтау мақсатында өңірде скринингтік бағдарлама жүзеге асырылады. Тұрғындардың көбі мөлшерден жоғары калория пайдаланады.
Соңғы кездері оқушылар компьютер мен смартфонды пайдаланып, бір орыннан қозғалмай ұзақ уақыт отыра береді. Осының салдарынан физикалық белсенділіктің төмендігі - гиподинамия пайда болады, - дейді Салтанат Төлегенова.
Маманның айтуынша, аталмыш дерттің қауіпті факторларына генетикалық бейімділік, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау (көп мөлшерде майлы және тез қорытылатын көмірсуларды), кейбір дәрілік препараттарды қолдану жатады. Павлодар облысының медициналық мекемелерінде скринингтік бағдарлама бойынша 66 мектепте қауіпті факторлардың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізіледі. Салмағы артық жеткіншектер анықталғанда арнайы мектепке жіберіледі. Сол жерде жеті тақырып бойынша сабақ жүргізіледі. Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ