81 жастағы зейнеткерді зорлаған жас жігіт сотталды

Айыпталушы сот залында тұтқындалды.

Фото: Фото: Вaq.kz29 Қараша 2017, , 14:59
23 жастағы жігіт төрт жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Baq.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодар облысында 81 жастағы зейнеткерге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған жас жігіт сотталды. Сот отырысы жабық күйде өтті. Айыпталушы бұрын сотталмаған және үйленбеген. Ол 1-бөлім 120-бап (Зорлау) және 1-бөлім 121-бап (Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасау) бойынша айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы сот залында тұтқындалды. Себебі, сот отырысына дейін қолхатпен бостандықта жүрген. Осы уақытқа дейін бұл оқиға туралы желідегілер жарыса жазған болатын. Желі қолданушыларының ақпаратына сенсек, оқиға биыл қыркүйек айында Успенский ауданы Қозыкеткен ауылында болған. Фото: baq.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ