Ақтауда 1967 жылы жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

Sputniknews.kz
50 жыл бұрын жазылған хат сақталған капсула табылмады.
2017 жылғы ұрпаққа арналған "уақыт капсуласы" Ақтау орталығында көмілген болатын, алайда қаза келе орнында жоқ болып шықты, - деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

Маңғыстаулық тың игерушілер 1967 жылы капсула көміп, оны 2017 жылы 7 қарашада қазып алуды өсиет еткен. Алайда қаланың билік өкілдері мен ақсақалдар алқасы салтанатты 1 желтоқсанға қалдырып, Тұңғыш президент күніне орай өткізбек болыпты.

Капсуланы іздеуге көп уақыт кетірмеу үшін, қазба жұмысын 28 қарашада жүргізуге шешім қабылданды. Алайда капсула еш табылмай, іздеу келесі күнге жалғасты.

Бүгін 29 қарашада "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары ескерткіштің бетон тұғырын қазып алып, көтергенімен, 50 жыл бұрын жазылған хат сақталған капсула табылмапты.

Әрі қарай бұл мәселе ұйымдастыру комитеті жиналысында қаралып, шешім қабылданатын болады.

Ақтау әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиевтің айтуынша, капсуланы 90-шы жылдары вандалдар ұрлаған болуы мүмкін.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды