Дәрігерлер кесілген аяғын көму үшін алматылық тұрғыннан ақша сұрады

Олар аяқты 10 мың теңге берсе ғана жерлейтіндерін айтқан.

Фото: Тoday.kz30 Қараша 2017, , 09:25
Алматы облысының тұрғыны Виталий Глущенконың ауруханада кесілген аяғын мәйітхана қызметкерлері қабылдамаған. Олар аяқты 10 мың теңге берсе ғана көметіндерін айтқан, - деп хабарлайды Today.kz. Ер адам 72 жаста, оның көзі көрмейді.
"27 қараша күні Алматы облысы, Есік қаласының ауруханасында аттасымның аяғы кесілді. Мәйітхана қызметкерлері: "Аяқты алып кетіңіздер, құжатын береміз, өздеріңіз көмерсіздер", - деді. Қалай істейміз? Бірінші рет бұндай жағдайды өткеріп отырмыз. Олар бәрін мәйітханаға өткізетін еді ғой. Аурухана мен мәйітхана арасында қандай да бір келісім болуы керек қой. Аяқ қала берсін деп едік, олар 10 мың теңге сұрады", - дейді Виталий Глущенко деп аталатын тағы бір науқас.
Есік қаласының хирургиялық бөлімі кесілген мүшелердің бәрі иесіне қайтарылатынын немесе зерттеу мақсатында және утилизация үшін мәйітханаға жіберілетінін айтты.
"Әрине, бәрі тегін жасалады. Көп жағдайда адамдар діни көзқарасына сәйкес немесе басқа да өзіндік себептерімен қолхат жазып, кесілген мүшесін алып кетіп жатады", - деді Есік қаласы ауруханасының хирургиялық бөлімінің өкілі.
Аурухана мәйітхана қызметкерлерінің не үшін ақша сұрағанын анықтайтын болады. Фото: today.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ