Елімізде күздің соңғы күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.

Фото: Sputniknews.kz30 Қараша 2017, , 09:45
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Фото: sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ