Димаш Құдайберген тағы да бір жүлдеге ие болды

Instagram
Димаш Қытай астанасында өтіп жатқан «Fashion Night Gala» марапаттау рәсіміне қатысты.
Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген жас әнші Димаш Құдайберген кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл жолы Димаш Қытай астанасында өтіп жатқан «Fashion Night Gala» марапаттау рәсімінде «Инновация заманының лидері» атағын жеңіп алды.

«Достар, сүйіншіммен бөлісуге рұқсат етіңіздер! Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында «Fashion night gala» марапаттау рəсімінде «Инновация заманының лидерi» деген атаққа ие болдық. Қолдауларыңызға, әрдайым мен үшін беріп жүрген дауыстарыңызға рахмет!», – деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.

Фото: Instagram

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды