Алматыда тағы қандай көшелердің атауы өзгереді

yvimg.kz
42 көшеге еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлердің есімі беріледі.
Бүгін VI-ші шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының сессиясы барысында Фурманов көшесіне Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың есімін беру туралы шешім қабылданғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, Алматыда бұрындары бірін-бірі қайталайтын 100 көшелер атауы өзгерген болатын.

Қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде мегаполисте Абай атында - 12. М. Әуезов атында -3, Ж. Жабаев атында -13, Құрманғазы атында -6, Төле би атында - 5, Қазыбек би атында- 3, Әйтеке би атында -3, Райымбек батыр атында -8, Наурызбай батыр атында – 4, Қарасай батыр атында – 8, Байтұрсынов атында – 4, С. Сейфуллин атында- 5, Ә. Молдағұлова атында – 6, М. Мәметова атында 6 көше аталған екен.

Осыған орай, Алматыда 42 көше еліміздің дамуына үлес қосқан қайраткерлер есімін иеленсе, қалғандары географиялық атауға, қазақстанның тарихы мен мәдениетіне, дәстүріне орай аталған екен. Мысалы, Ш.Айтматов, Г.Бельгер, Т.Бигелдинов, Е.Серкебаев, Қ.Кенжетаев, С.Калмыков, Қ.Мырзалиев, Алматы апортының «әкесі» атанған Е.Редько және басқалардың есмідерін алған көшелер пайда болады.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды