Баян Мақсатқызы күйеуінен зорлық көрген шымкенттік әйелді қанатының астына алды

Қазір біз біргеміз, бұл әйелдің мәселесімен бірге күресетін боламыз - Баян Мақсатқызы.

Фото: Today.kz30 Қараша 2017, , 14:17
Үш жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген шымкенттік Әлия Байділдаева Баян Мақсатқызынан көмек сұрайды. Екі кішкентай баласы бар жас әйел күш көрсетуден қашып, Алматыдағы уақытша панада тығылуға мәжбүр. Қазақстандық продюсер көмек қолын созуды сұраған әйелген қол ұшын беруге даяр, - деп хабарлайды Today.kz.
"Әлияның мәселесі маған қатты әсер етті. Тұрмыстық күш көрсетудің азабын үш жылдан бері тартып келеді екен. Сіз үш жыл дегеннің не екенін білесіз бе?! Жас, көрікті әйел екі баласымен бірге осындай сұмдықта өмір кешуде. Билік болса үнсіз. Үш жыл бойы өз құқығы үшін күресіп келеді: полицияға, прокуратураға, сотқа өтініш жазған, соңғы көмекті менен сұрады. Қазір біз біргеміз, бұл әйелдің мәселесімен бірге күресетін боламыз", - деді Баян Мақсатқызы Алматыдағы баспасөз мәслихаты барысында.
Әлия Байділдаеваның айтуы бойынша, үш жыл бойына тұрмыстық күш көрсетуден бастап азаптауға дейін көрген. Қазір кәмелеттік жасқа толмаған екі баласымен әйел Алматыдағы қиын жағдайларға ұшыраған әйелдер мен балаларға көмектесуге арналған уақытша тұрақтау баспанасында жатыр.
"Мен Әлияға көмектескім келеді. Жасырмаймын, көптеген әйел осындай мәселелермен маған хабарласады. Әлия циркке келді. Сенесіздер ме? Циркте мен фильм түсіріп жатқанмын. Көзіне жас алып тұрып: "Баян, өтінемін, құтқарыңыз мені", - деді. Мен ешқандай жауынгер, ешқандай батыр емеспін. Менде шайқасатын қылыш, тапанша, автомат жоқ, барып біреудің жазасын беретін. Бірақ мен қалың қоғамның назарын аудара аламын", - деді Баян Мақсатқызы.
Құқық қорғаушылардың мәлімдеуінше, Әлия Байділдаеваның мәселесі жайлы ҚР Ішкі істер Министрлігі және Бас прокуратура хабардар болып үлгерді.
"Мен Бас прокуратураға хабарладым, олар маған "Сіздің хабарламаңыз қабылданды" деген жауап берді. ІІМ арнайы бөлімінде де тиесілі шаралар атқарылатыны жайлы мәлімдеді. Енді олар барлық істі көтермек, себебі Әлия бірнеше рет өтініш жазған",- деді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары паналаған уақытша баспана директоры Маргарита Өскембаева.
Баян Есентаева Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық мәселесіне душар болған әйелдерге көмек көрсететін орталықтардың жұмысын арттыруға ниетті екендігін, көпшіліктің назарын аударатынын айтты.
"Біздің елімізде әйел құқығын қорғауға арналған 100-ден астам ұйым бар екен. Қазіргі әңгіме мүлдем басқа бағытта болмақ. Бұл ұйымдардың жұмысы бәріне көрінгенін қалаймын, ең бастысы бәрі іс жүзінде шынайы іске асса. Білесіздер ме, қаншама уақытша тұрақтау үйлері бар? Ал қаншама әйелдер олардың бар екендігінен хабарсыз? Мұны қоғамға менен артық кім жеткізе алады? Тіпті, мен осындай жағдайға тап болғанда Алматыда сондай баспаналар бар екендігін білмедім де", - деді Баян Мақсатқызы.
Фото: Today.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ