Қызылордада Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізді.

Фото: 30 Қараша 2017, , 19:31
Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Президент күні - ұлт руханиятының құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов жүргізді. Жиын барысында э.ғ.к Қ.Құдайбергенов «Елбасы саясатындағы Сыр елі», ф.ғ.к., О.Бермаханов «Рухани құндылықтардың адам капиталын дамытудағы маңызы», Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов «Елбасы бастамалары – сот реформаларының негізі», т.ғ.к М.Аңсатова «Елбасы саясаты және тарих ғылымы», Н.Мыңжасов «Этносаралық қатынастарды реттеудің Қазақстандық моделі», А.Оразбақов «Президент саясаты және ұлттық демографияның өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар мен қонақтар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ