Швейцариялық фотограф жаңа 500 теңгеге өз суреті қолданылғанын айтты

Фото: facebook.com/marcel.burkhard
Банкноттағы дизайнның авторлары ҚР Ұлттық Банктің дизайнерлер тобы.
Швейцариялық фотограф Марсель Букхард жаңа 500 теңгелікте бейнеленген шағаланың авторы өзі екенін растады, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Неткен мәртебе! Кеше Қазақстанның Ұлттық Банкі жаңа қағаз банкнот шығарғанын естідім. Онда шағала бейнеленген. Бұл мәселе кішігірім жанжал тудырды. Неге? Мына суреттен көре аласыздар. Бұл суретті Википедиядан табуға болады. Авторлық құқығы қорғалған, суретті салған - мен", - деп жазды фотограф Facebook желісіндегі парақшасында.







"Бұл сөзсіз менің жұмысым. Суреттің банкнотқа қолданылғаны мен үшін абырой. Одан бөлек, компенсациясы да ақылға қонымды болады", - деді фотограф pikabu сайтындағы мақала авторына.

Естеріңізге салайық, жаңа 500 теңгелікте бейнеленген құс жұрттың талқысына түскен болатын. Көбі шағаланың интернеттен алынғанын айтты.

Фото: facebook.com/marcel.burkhard

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды