Алматы облысында автобус жол жиегіне құлады, зардап шеккендер бар

Zakon.kz
Екі адам қайтыс болды.
Алматы-Бішкек тас жолында жолаушылар автобусы жолдың жиегіне құлап кетті, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол көлік апаты Ұзынағаш ауылына жақын маңда орын алған.

«Жол көлік оқиғасы бүгін таңғы 8 уақытында "Алматы-Бішкек" тас жолының 62 шақырымында болды. Келіп түскен ақпарат бойынша оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Ұзынағаш ауруханасына түрлі жарақат алған 10 адам жеткізілді. Олардың арасында кәмілет жасқа толмаған балалар да бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр», - деген пікір берді Алматы облыстық ІІД.

43 жолаушысы бар автобус Шымкенттен Алматыға қарай бет алған. Көктайғақтың салдарынан 41 жастағы жүргізуші автобусты басқара алмай қалған.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды