Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды

Ер адам тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған

Фото: www.inform.kz4 Желтоқсан 2017, , 16:57
Алматыда 65 жастағы зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қайғылы оқиға Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болды. 65 жастағы ер адам көшені тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Розыбакиев көшесімен солтүстікке келе жатқан Мерседес жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті. Ер адам сол жерде қаза тапты. Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ