Астанада жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті

Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында болды.

Фото: Sputniknews.kz5 Желтоқсан 2017, , 16:03
Астанада автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды көлік қағып кетті, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында болды.
"Lexus жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді игере алмай, автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қағып кетті", — деп хабарлады полициядағылар.
Жол апаты салдарынан полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ