Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Фото: Фото: baribar.kz6 Желтоқсан 2017, , 09:23
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей аймағында қар жауып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ сақталады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін. Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ