Головкин-Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды

Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ.

Фото: Фото: inform.kz6 Желтоқсан 2017, , 10:37
Мексикалық Fox Deportes арнасының жүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин-Сауль Альварес реваншының мерзімін боксшылар тарапы келісіп қойды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап. Боксшылардың келесі кездесуі 2018 жылдың 5 мамыры күні Синко де Майо мерекесінде өтеді. Головкиннің өкілдері келісімін беріп қойды, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя келісімшартқа қол қою үшін осы аптада «Канеломен» кездеседі. Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ. Дегенмен, Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және бірінші айқас өткізілген Лас-Вегастағы T-Mobile Arena жекпе-жекті өткізуге үміткер нысандар қатарында.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ