Нығматулин: Қазақстанның шекараларын рәсімдеу процесін жедел бітіру қажет

Қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.

Фото: 6 Желтоқсан 2017, , 11:57
Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.
Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде, - деді.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.
- Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деді Н. Нығматулин.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ