Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеді

АҚШ мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы әріптестерімен талқылады.

Фото: Sputniknews.kz6 Желтоқсан 2017, , 12:17
Америка Құрама Штаттары сәрсенбі күні Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өз баяндамасында жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости-ге сілтеме жасап. Ақ үй хабарлағандай, бұл шешім тарихи және заманауи деңгейде мойындау болып саналады. Сонымен қатар мемлекеттік шекара мәселесіне қатысы жоқ. АҚШ мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы әріптестерімен талқылады. Айта кетейік, Израиль Иерусалимді шығыс аудандары және тарихи орталығымен қосып алғанда "тұтас әрі бөлінбейтін" астанасы деп жариялаған. Әлемдік қауымдастық қаланың бұл статусын мойындамай, Таяу Шығыстағы қақтығыстың негізгі проблемаларының бірі деп санайды. Соған байланысты барлық шетелдік елшіліктер Тель-Авивте орналасқан.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ