Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Фото: Фото: khabar.kz7 Желтоқсан 2017, , 09:32
Батыста және солтүстік-батыста кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, көктайғақ болады. Кей өңірлерде тұман түседі, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ