Жамбыл облысында малдың жаппай қырылуының себебі белгілі болды

Sputniknews.kz
Тұрғындар төрт түліктің жаппай қырылуына химиялық шайындыны төгетін Натрий-Цианит зауытын айыптаған.

Жамбыл облысында сараптама жүргізген мамандар малдың химиялық шайынды судан өлмегенін анықтап, кесел қалдық суы жиналған көлшіктен келді деген қорытынды шығарған, - деп хабарлайды КТК.

Бірақ жылқы мен қойдың арам қатуына өндіріс орны кінәлі емес делінгенімен, сол зауыт басшылығы өлген малдың шығынын шетінен өтеп жатыр. Қамбар ата тұқымының әр басына 300 мың теңгеден берілуде.

Еске салсақ, қыркүйек айында Қаратау қаласының іргесіндегі қалдық су жиналатын көлден су ішкен 12 бас жылқы сол жерде сеспей қатқан еді. Бұл маңда бұған дейін де 4 бас жылқы мен 12 қой өлген болатын. Тұрғындар төрт түліктің жаппай қырылуына химиялық шайындыны төгетін Натрий-Цианит зауытын айыптаған. Бірақ өндіріс орнының басшылығы өздеріне шаң жуытпаған болатын.

Айта кетейік, қазір осы оқиғадан соң көлшіктің аумағы мал өтпестей қоршалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды