Қостанайлық ұстаз оқушыны балағаттағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілетін болды

Педагог дәлізде шу көтерген оқушыны анықтауға тырысыпты.

Фото: Фото: Stan.kz8 Желтоқсан 2017, , 10:38

Қостанай облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оқушыны балағаттаған мұғалімге қатысты істі қарады, - деп жазады Stan.kz.

Осы жылдың 23 ақпанында Қарабалық ауданындағы Бөрлі орта мектебі директорының орынбасары Ф. спорт залға 14 жасар 7 «б» сынып оқушысын шақырған.

Педагог дәлізде шу көтерген оқушыны анықтауға тырысыпты.

«Ол кәмелетке толмаған жәбірленушіні спорт зал ішімен «қаз қадамы» әдісімен жүруге мәжбүрлейді. Бұған қоса оған балағат сөздер айтқан. Сот шешімімен педагог қылмыстық құқық бұзушылыққа барды деген қорытынды жасалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

30 жастағы мектеп директорының орынбасарына ҚР ҚК 140-бабы бойынша 240 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, алдағы 3 жыл бойы педагогтық қызметке орналаса алмайды. Сот үкім заңды күшіне енген жоқ.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ