29 жасар жігіт қонақүйде кәмелеттік жасқа толмаған қызға зорлық көрсеткен

Фото: Dnepr24
Кейін ол қызды вокзалға апарып тастаған. Қыз автобусқа отырып, үйіне жеткен.

Қостанай облысында ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған, - деп хабарлайды Zakon.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына Рудный қаласының 29 жасар тұрғынына қатысты зорлық жасады деген қылмыстық іс келіп түсті.

Іс материалы бойынша, оқиға осы жылдың 4 маусымында болған.

Таңғы 07.30 шамасында ер адам жәбірленуші қыздың үйіне келеді. Жігіт қыздың туған ағасы оны ауруханаға апару үшін такси жібергенін айтады. Қыз жігітті танығандықтан еш күдіктенбей көлікке отырады. Ер адам қызды Рудныйдағы қонақүйлердің біріне апарады. Сол жерде қызға зорлық көрсетеді.

Осыдан кейін ол қызды вокзалға апарып тастаған. Қыз автобусқа отырып, үйіне жетіп, болған оқиғаны анасына айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды