Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Фото: Фото: baribar.kz11 Желтоқсан 2017, , 09:07

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, негізінен қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с, Шығыс Қазақстанда бұрқасын — 23-28 м/с, Ақмола облысында — бұрқасын — 25 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстанда төменнен соққан боран болады.

Қарағанды облысында – тұман, көктайғақ, жел — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, боран.

Түнде Павлодар облысында кей жерлерде боран, жел — 15-20 м/с.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ