ШҚО-да мектеп ұстаздарына сыйлық жасауға тыйым салынады

Фото: Baq.kz
Ұстазға сыйлық жасаған уақытта сақ болған жөн

Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай аймақтың барлық білім ошақтарында оқушылардың ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынады. Қазірде облыстық Білім басқармасының басшылығы шығарған бұйрық мектептерге жолдануда, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызының қатысуымен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Қазірде біздің орган облыстық білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде ата-аналардан ақша жинауға тыйым салу мақсатында жұмыс жасауды көздеп отырмыз. Басқарма басшылығы сәйкесінше бұйрық шығарып, білім ошақтарына жолдады», – деді Жанна Қабдолдақызы.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қайырбекованың айтуынша, оқушыға сыйлық жасау үшін ата-ана ақшаны ерікті түрде тапсыра алады.

«Жаңа жыл мерекесіне орай мектептерде түрлі шараларға ата-аналардан ақша жиналуы мүмкін. Бұның өзіне тыйым салып отырмыз. Ал егер балаларға жаңа жылдық сыйлық жасау үшін ақша жиналса, ол ата-ананың өз еркінде. Ешкім талап етпеуі тиіс», – деді Әсел Қайырбекова.

Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары мәлімдегендей, ұстазға сыйлық жасаған уақытта да сақ болған жөн. Себебі алғысын білдіремін деген ата-аналар мұғалімді қиын жағдайға қалдыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды