Шпекбаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.

Фото: 11 Желтоқсан 2017, , 17:14

Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың Twitter-дегі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алик Шпекбаев Жатқамбайұлы 1957 жылы дүниеге келді, ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі. Алматы облысы Қаскелен ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы ҚСРО ІІМ Шымкентте арнайы мектебін бітірді. 1987 жылы ҚСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1992 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдады.

1980-1991 жж. - Алматы облыстық ІІБ бөлімшелерінің оперативті және басшылық құрамы лауазымдарында қызмет етті.1991-1992 жж. - РФ Академиясының тыңдаушысы.

1995-1997 жж. - Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

1997-2000 жж. - Алматы облысы МТКБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.

2000-2003 жж. - Алматы облысы ІІБ бастығы қызметін атқарды.

2003-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарды.

2008 жылғы қараша айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Заң ғылымдарының кандидаты. «Өлім жазасын жою сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасында халықаралық нормалар мен стандарттарды имплементациялау мәселелері» және 15-тен артық мақалалар мен жариялымдардың авторы. 2 дәрежедегі «Даңқ» ордені, 2 дәрежедегі «Айбын» ордені, «Парасат» ордені, «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», 30-дан артық медальдар.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ