Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Фото: Фото: inform.kz12 Желтоқсан 2017, , 09:19

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Тек кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысында көктайғақ болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ