Алматыдағы басты жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жанады

Фото: Sputniknews.kz
Қаланы Жаңа жылға орай әрлеуде бүкіл желтоқсан мерекелері ескерілген.

Алматыдағы басты жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағылады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік баспасөз қызметі атап өткендей, қаланы әрлеу кезінде ұлттық стиль қолданылып, желтоқсан айындағы бүкіл мереке ескерілген.

"Қаланы Жаңа жылға орай безендіру Тәуелсіздік күнін тойлаған соң басталады, яғни жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жағылмақ. Былтырғы әшекейлер біраз жөндеуден өтіп, биыл да пайдаланылады", — деді әкімдікте.

Биыл қаланы әрлеуге жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлініпті.

Қалада барлығы 15 жаңажылдық шырша қойылады: Республика сарайы алдында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында, Тұңғыш президент паркінде, "Алматы Аренада" және басқа жерлерде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды