Павлодарда облыстық ІІД бастығы ауысты

Полиция генерал-майоры Марат Қожаев Астана қаласы ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

Фото: 12 Желтоқсан 2017, , 10:34

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ІІД бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Акрамұлы тағайындалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев Департаменттің жеке құрамына Павлодар облысы ІІД-нің жаңа бастығын салтанатты түрде таныстырды.

Полиция генерал-майоры Марат Қожаев ішкі істер министрінің бұйрығымен Астана қаласы ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімі Болат Бақауов Марат Қожаевқа өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін алғыс білдіріп, қызметінде одан әрі табыстан табысқа жетуін тілеп, алғыс хат табыстады.

Амантай Акрамұлы 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді. 1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін аяқтағаннан кейін, Алматы қаласының орта және басшы құрамының әртүрлі лауазымындарда қызмет істеді. 2007 жылдың тамызынан бастап Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ал 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2011 жылдың шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД басқарды. ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Республикасының жауынгерлік қарудан ату бойынша спорт шебері.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі Данқ орденімен (2013 ж.), ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2008 ж.) және «Ерлігі үшін» медалімен (2005ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасы және КСРО медальдарымен марапатталған. Үйленген, үш баласы бар.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ