72 жастағы астаналық желаяқ халықаралық марафонның күміс жүлдегері атанды

Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын.

Фото: Фото: inform.kz12 Желтоқсан 2017, , 17:46

Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында өткен халықаралық Zurich Marathon Malaga марафонында отандасымыз Салтанат Түйтебаев күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайыты таратқан мәліметке сүйенсек, марафон жарысына Еуропа, Азия, Африка құрлығынан 3 мыңға жуық әр түрлі жастағы желаяқтар қатысқан.

Аталған додаға 72 жастағы астаналық ардагер Салтанат Түйтебаев та қатысып, 70-74 жастағылар арасында мәре сызығын екінші болып кесіп күміс медальға ие болды. Ол мәреге 3:51.45 сағатта жүгіріп жетті. Түйтебаевтың алдын бельгиялық Роланду Буссемару орап кетті (3:43.59). Үшінші орын испаниялық Хуан Навиоға бұйырды (3:54.18).

Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ