Оңтүстік Қазақстанда анасы өлімші етіп сабаған бала есін жиды

Мектеп оқушысы жасанды тыныс алу құрылғысынан ажыратылды.

Фото: Фото: inform.kz13 Желтоқсан 2017, , 09:32

Оңтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп сабап, комаға түскен бала есін жиды, - деп хабарлайды Zakon.kz "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Қарабұлақ ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, мектеп оқушысы жасанды тыныс алу құрылғысынан ажыратылды. Өздігінен тыныс алып жатыр. Алайда ол әлі де ауыр халде жатыр. Қайғылы оқиға өткен демалыста орын алған. Неге екені белгісіз анасы баласын өлімші етіп сабап тастаған. Бала Қарабұлақ ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

"Біздің ауруханаға соққыға жығылған бала түсті. Жәбірленуші бассүйек-ми жарақатын алған, бүйрегіне зақым келген, денесінде көптеген жарақаттар, үшінші дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі, үшінші дәрежелі травмалық шок болған", - деді Қарабұлақ ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Еркін Сарманов.

Баланың ұстаздары мен туған-туыстарының айтуынша, әйел баласына ешқашан қаталдық танытып, ұрып-соқпаған. Сабақ үлгерімін үнемі бақылап, өте мейірімді болыпты. Күдіктінің ағасының айтуынша, әйел адам ата-анасынан ерте айырылып, туған-туыстары мен достарының үйінде тәрбиеленіпті. Жақындарының пайымдауынша, бала күнгі жан күйзелісі әйелдің жүйкесінің сыр беруіне әкеп соққан.

Баланың анасы Сайрам уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ