Елбасы: Қалталы азаматтар Жақсылық Үшкемпiровтен үлгi алсын

Бәріміз бірігіп, таудан тауға жетеміз. Шыңға жетеміз - Жақсылық Үшкемпіров.

Фото: 15 Желтоқсан 2017, , 15:08

Бүгiн Ақордада Қазақстан Тәуелсiздiгi күнiне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ерен еңбегiмен ерекшеленген азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, «Жақсылық» ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіров бар. Даңқты палуанға «Еңбек ерi» атағы берiлдi, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақсылық Үшкемпiров Мемлекет басшысына алғыс бiлдiрiп, қазiр ел жастарына спортпен айналысуға барлық жағдай жасалғанын айтты.

«Шынында да, қаншама миллиондаған жастар енді спортпен айналысады. Мен оған кәміл сенемін. Қазір егеменді, тәуелсіз мемлекетпіз. Кезінде ата-бабаларымыз аңсап еді ғой, соған жеттік. Мен өздеріңіз білесіздер, сонау Совет Одағының қиын кезеңінде қазақ жастарының арасынан барып, 15 республиканың ішінен классикалық күрестен тұңғыш олимпиада чемпионы болдым, халыққа рақмет, соншалықты көтергеніне. Міне, қазіргі жастарда не арман бар?! Бәрі бар. Қаншама спорт сарайын салып бердіңіз, қаншама жағдай жасап жатырсыз. Оның бәрін жастар білсе ғой. Жетісуды білесіздер ғой, қандай шұрайлы жер, Нұрсұлтан ағамыздың кіндік қаны тамған жер, оны біз бағалай білуіміз керек, оны сыйлай білуіміз керек, жастарға айта білуіміз керек. Қазіргі менің істеп жатқан тірлігім, Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылына газ тартқызып, спорт кешенін салдыртып, соған балабақша салып, қолжетімді пәтер жасадым. Оның барлығын келешек ұрпаққа өнеге болу үшін жасап жүрмін. Солар мен сияқты артымнан ерсе деймін. Менің енді тек бір арманым ғана бар. Осы бізде 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Сонда біздің 5 мың қазақтың жігіті сол ауылымызды көтеріп жіберсек, одан басқа қандай бақыт керек. Бәріміз бірігіп, таудан тауға жетеміз. Шыңға жетеміз. Құдайға шүкір, мал жетеді, жастарға бөліп беремін», - дедi өз сөзінде Үшкемпiров.

Назарбаев сөз соңында тәуелсiздiк жылдары байып, қалталы болған азаматтар Жақсылық Үшкемпiровтен үлгi алсын дедi.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ