Мереке күндері елімізде 30 градус аяз болады - синоптиктер

Ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Фото: Вaribar.kz15 Желтоқсан 2017, , 15:30

Сібір антициклонының суық және қуатты сілемдері демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа-райын анықтайтын болады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері республиканың барлық дерлік аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі, аяз болады деп болжануда.

"Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда кей жерлерде түнде сынап бағанасы 30 градустан төмен температураны көрсетеді. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2…5°С төмен болады" - делінген хабарламада.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ