Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге қайтарылды

Ақмолалық азаматтан басқа тағы 4 адам елге қайтарылыпты.

Фото: Baq.kz15 Желтоқсан 2017, , 16:13

Есірткі заттарын тасымалдады деген айыппен Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Қытайдан елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Вaq.kz.

Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Ақмола облысының 1989 жылы дүниеге келген тумасына Қытайдың Гуанчжоу қаласында есірткі тасымалдады деген айып тағылып, сот оған өлім жазасын берген. Енді сотталған азамат жазасын елімізде өтейді.

«2009 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында құқық қорғау органдары есірткі тасымалдаумен айналысты деген айыппен Ақмола облысының 1989 жылғы тумасын ұстап, қамауға алды. Кейін сот оған өлім жазасын кесті. Ал 2011 жылы оған қатысты шыққан үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру болып өзгертілді», - деп жазды СІМ өкілі.

Бұдан басқа министрлік пен ҚР Бас прокуратурасы Қытайда сотталған қазақстандықтардың жазасын өз елімізде өтеуіне байланысты көп жұмыс атқарды.

«Қазақстандық дипломаттар мен Бас прокуратура қызметкерлері Қытайда сотталған қазақстандық азаматтардың жазасын елімізде өтеуіне байланысты көп жұмыс істеді», - деді Жайнақов.

Ақмолалық азаматтан басқа тағы 4 адам елге қайтарылыпты.

«Биыл Қытайдан Қазақстанға тағы 4 адам қайтарылды. Ал 2015 жылдың тамызынан бері ҚР мен ҚХР елшілігінің, қазақстандық құзырлы органдардың бірлесе жұмыс істеуінің арқасында сотталған 15 азаматты елге қайтардық. СІМ мен Бас прокуратура мұндай шараны басқа елдермен де белсенді түрде жүргізіп жатыр», - деп түйіндеді ведомство өкілі.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ