Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті

Сот біреуін 4 жылға, екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото: Sputniknews.kz15 Желтоқсан 2017, , 17:23

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кетті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың қазан айында болған. Қыздардың бірі әлеуметтік желі арқылы Италия азаматымен танысып, сауда орталығында кездесуге уағдаласқан.

"Танысып-біліскеннен кейін екі құрбы шетел азаматымен бірге сыра барына барады. Барда түнгі 23.00-ге дейін болып, үйді-үйге тараспақшы болып сыртқа шыққан. Осы сәтте екі қыз көшеде жан баласы болмағанын пайдаланып, ер адамды бетінен таспен ұрып, "Айфон 6S" маркалы ұялы телефонын тартып алған", — делінген хабарламада.

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының үкімімен қос құрбы айыпты деп танылды. Сот біреуін 4 жылға, екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ