ОҚО-да мемлекеттік-жекеменшік әріптестікбойынша балабақша ашылды

Ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Фото: 19 Желтоқсан 2017, , 17:12

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Түлкібас ауданына барды. Өңір басшысы Ақбиік ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде салынған 100 орындық балабақшаның ашылуына қатысты. Ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«ОҢТҮСТІК – БАЛАНЫҢ ТУЫЛУЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР. Бұл тұрғыда балабақша көп салынуы қажет. Мәселен, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін ауданда 37 балабақша ашылған. Қазіргі таңда аудандағы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытуымен қамту 92,6 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынатын балабақшаларды көбейтіп, көрсеткішті 100 пайызға жеткізетін боламыз», - деді облыс әкімі.

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Сапарқұл Жалбиев балабақшаның қажет кезінде ашылып отырғандығын айтып, жергілік жұрт атынан ризашылығын білдірді.

Айта кетерлігі, бүгінде мекемеде ауылдың 31 тұрғыны жұмыспен қамтылған. Нысанның жалпы сметалық құны 231 млн. теңгеге жуық. Балабақшаның құрылысын жүргізген «Ропроэкт» ЖШС мердігер мекемесі.

Кейін облыс басшысы Кемербастау ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 57 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Жөндеу жұмыстарын мердігер «БиМирҚұрылыс» ЖШС-і жүргізіпті. Қазіргі таңда 300 орындық мәдениет үйінде 2 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимаратта кітапхана орналасқан. Онда 15 мыңға жуық кітап қоры бар.

Ашылу салтанатында аудандағы өндіріс орындары мен ауыл шаруашалығы өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары дәстүрлі ән мен ұлттық биді нақышына келтіріп орындады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ