Астанада жас жігіт жұрттың көзінше өзін өлтірмек болды

inform.kz
Қоғамдық жерде өзін өлтірмек болған жігітті полицейлер құтқарып қалды.

Астанада жас жігіт "Ailand" отбасылық демалыс орталығының жанында суицид жасамақ болды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі сағат 17 шамасында болды. Жұрттың көзінше өз-өзіне қол салмақ болған жігіт ешқандай талап қоймаған. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем келіп жетті.

"Жігіттің үстіндегі жанған киімі бірден сөндірілді. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның неге суицид жасамақ болғаны анықталуда", — деп хабарлады полиция.

Қолы мен мойны күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды