Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды

Елубай Әбілов Жаңаөзен әкімі қызметінен өз еркімен кетті.

Фото: Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі21 Желтоқсан 2017, , 15:13

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов Жаңаөзен қаласының жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімі болып Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы тағайындалды. Бұған дейін ол Қарақия ауданының әкімі болған, - деп хабарлайды Zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев 1964 жылы 24 желтоқсанда Маңғыстау облысы Таушық ауылында туған. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалануға енгізу» факультетін бітірген (2004), инженер-құрылысшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1981 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін - Маңғыстау тұрғын үйлерді-пайдалануға беру учаскесінің 3-разрядты жұмысшысы (Шетпе кенті).

1982 жылдан - Алматы құрылыс техникумының оқушысы.

1988 жылдан - «Маңғыстау Мұнай Құрылыс» тресі қосалқы өндіріс комбинатының 3-санатты балташы ұстасы, ағаш шебері, 1989 жылдың қаңтарынан - 4-разрядты бақылаушысы, темір-бетон бұйымдарының сапасы жөніндегі цехтың 2-санатты шебері (Жаңаөзен қ.).

1989 жылдың қазанынан - Қызылтұран ұлутас ашық кенішінің 3-разрядты бақылаушысы, шебері (Шетпе кенті).

1991 жылдан - Маңғыстау тұрғын үйлерді пайдалануға беру учаскесінің шебері (Шөтпе кенті).

1993 жылдан - «Маңғыстау мұнай жолдары» ЖШС шебері, прорабы (Ақтау қ.).

2000 жылдан - «Жолсервис» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы (Жаңаөзен қ.).

2001 жылдан - Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы директорының орынбасары (Ақтау қ.).

2002 жылдан - Маңғыстау облысы Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы.

2003 жылдың сәуірінен - Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы.

2003 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының жөтекші маманы.

2004 жылдан - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші, бас маманы, бөлім бастығы.

2006 жылдан - Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының м.а., бастығы.

2009 жылдың шілдесінен бері - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі.

Үйленген. Ұлдары - Нұржас, Нұрдәулет, Нұрлыбек

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ