Ләйлә Сұлтанқызы “Хабар” арнасынан кетті

Сұлтанқызы “Жетінші арнаны” жаңғыртумен айналыспақ ниетте.

Фото: Stan.kz22 Желтоқсан 2017, , 10:43

Қазақстандағы қаламақысы ең қымбат журналистпін деп мақтанған Ләйлә Сұлтанқызы “Хабар” арнасынан кетті. Ол бұдан былай қызметін “Жетінші арнада” жалғастырмақ, деп хабарлайды Stan.kz.

Сұлтанқызы “Жетінші арнаны” жаңғыртумен айналыспақ ниетте.

«Хабар» ұжымына, арнаны басқарып отырған Ахметжанова Алма Ауғалиқызына алғысымды білдіремін. Бүгін «Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызы» бағдарламасы тікелей эфирде соңғы рет шықты. Бағдарлама 3 ай көлемінде күн сайын «Хабар» арнасынан шығып келді. Осы уақыт аралығында өз көрермендерін тауып, халықтың жылы ықыласына бөленді.

Сіздердің тілектеріңіз, ыстық ықыластарыңыз, жылы лебіздеріңіздің арқасында жаңа жылдан бастап «Жетінші арнада» қызметімді жалғастырамын. «Жетінші арнаның» акционері Кеңес Рақышевтың маған артылған сенімі айқын. ТВ жобаларда жиған тəжірибемді пайдалануға уақыт та, мүмкіндік келген тəрізді. Жаңа жылда бөлісер жағымды жаңалықтарымыз көп болсын. Сіздерге көп рақмет!” – деп бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ