Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

"Қазгидромет" РМК 23-25 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Фото: zhambylnews.kz22 Желтоқсан 2017, , 14:14

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Сібір антициклонының әсерінен Қазақстанның көптеген облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Оны алмастыратын Оңтүстік Каспий циклоны елге жылы әрі дымқыл ауа массаларын әкеледі. Соның ықпалынан ауа температурасы көтеріледі деп болжануда", — делінген хабарламада.

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, циклонның батыстан шығысқа жылжу шамасына қарай, республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғып, көктайғақ болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ