Елімізде уақытша тіркеу тегін болуы мүмкін

Қазір уақытша және тұрақты тіркелу үшін 226, 9 теңге алым ұсталады.

Фото: Sputniknews.kz22 Желтоқсан 2017, , 15:46

Қазақстанда тұрғылықты жерге және уақытша тіркелу тегін болуы мүмкін. Тиісті мемлекеттік баж алымын тоқтату және Салық кодексінің жобасына түзетулер енгізу бастамасын ішкі істер министрлігі көтерді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жоба Қазақстан Республикасы парламенті сенатының қарауында жатыр", — деп атап өтті ведомство.

Қазіргі таңда Қазақстанда уақытша және тұрақты тіркелу үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 % — 226, 9 теңге алым ұсталады.

2018 жылдан бастап электронды үкімет порталы арқылы тұрақты тіркеуге қою және азаматтарды есептен шығару механизмі енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ