ОҚО-да Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Шара барысында өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі23 Желтоқсан 2017, , 09:09

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай кілемдер көрмесі ұйымдастырылды. «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты іс-шарада «Бал Текстиль» ЖШС-гі елорданың 20 жылдығына орай бас қаланың ең ерекше тұстары мен әсем ғимараттары бейнеленген кілемдерін ел назарына ұсынды. Отандық өнімдер қойылған көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Көрмеге қойылған кілемдердің бірқатарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленсе, қалғандарында Астана қаласындағы келбеті келіскен Ақорда, Байтерек, Хан Шатыр, Үкімет үйі, орталық мешіт секілді ғимараттар көрініс тапқан. Кәсіпорын басшылығы арнайы дайындалған 20 кілемді жасап шығуға бір апта уақыт жұмсағанын айтады.

Айта кетейік, бүгінде «Бал Текстиль» ЖШС-гі еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорын. Қазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрлері шығаралады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан фабрика жылына 5 млн. шаршы метр кілем шығаруға қауқарлы. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн. шаршы метр кілем шығарып, 6 млн шаршы метр пропилендік жіп өндірген.

Сондай-ақ, шара барысында өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді. Елбасы мен елордадағы көз тартар көркем ғимараттардың фотосуреттері бейнеленген өнер иелерінің туындылары көптің көңілінен шықты.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ