ОҚО қасиетті және киелі жерлер саны бойынша көш бастап тұр

2017-2018 жылы киелі жерлерді дамытуға 18 млрд 424 млн теңге бөлінді.

Фото: 23 Желтоқсан 2017, , 17:30

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы "Қазақстанның киелі жерлері" арнайы жобасы бойынша іс-шаралардың өңірлік жоспарын бекітті және соған сәйкес жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда киелі жерлердің тізімін қайта қалыптастыруға арналған ұсыныстарды жасайтын жұмысшылар тобы құрылып, және киелі жерлердің өңірлік карта жобасы жасалды. Нәтижесінде 104 қасиетті және киелі жерлер тізімі жасалып, "Қасиетті Қазақстан" орталығына жіберілді.

Қазіргі таңда "Қасиетті Қазақстан" орталығының сарапшылар кеңесімен республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Бұл көрсеткіш басқа облыстармен салыстырғанда екі есеге көп. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 жылы киелі жерлерді дамытуға 18 млрд 424 млн теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Оның ішінде бюджеттен - 13 млрд 424,3 млн теңге, ал бюджеттік емес қаржы - 4 млрд 949,7 млн теңге.

Оған қоса, өңірдегі киелі жерлер тізіміне қосылған, экспедиция болған Сайрам ауданындағы тарихи Ханқорған қалашығында археологтар мен сәулетшілердің қатысуымен біріккен отырыс өтті. Енді Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ханқорған қалашығы болашақта толық археологиялық қазба жұмыстары, жаңғырту, табиғатты қорғау жұмыстары жүргізілетін ашық аспан астындағы музейге айналады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ