ОҚО-дағы «Қайып ата» ЖШС биыл Иранға 6 мың бас қой етін жіберді

Жылына 2 млн. 400 мың тоннаға жуық қой етін тұтынатын Иран Ислам мемлекетінің нарығына ет шығару Қазақстан үшін ет эскпортын арттыруға зор мүмкіндік.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2017, , 10:14

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қайып ата» ЖШС-гі Иран Ислам мемлекетіне биыл 6 мың бас қой етін жөнелтті. Серіктестік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті тағы көбейткелі отыр.

Жылына 2 млн. 400 мың тоннаға жуық қой етін тұтынатын Иран Ислам мемлекетінің нарығына ет шығару Қазақстан үшін ет эскпортын арттыруға зор мүмкіндік. Осыны тиімді пайдаланып отырған «Қайып ата» ЖШС-гі бүгінде ет экспорттау ісін мықтап қолға алған. Қала іргесінде орналасқан серіктестіктің мал сою бекетінде тәулігіне 1000 басқа жуық ұсақ мал сойылып, арнайы қаптамаларға салынады. Халықаралық талаптарға сай етіп салынған кешенде мал союға барлық жағдай жасалған. Кешенде мал сою орындары, қоймалар мен арнайы тоңазытқыштар орнатылған. Бұл жұмыстың өнімділігі мен сапасының артуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Қайып ата» ЖШС-нің Қазығұрт ауданында орналасқан мал бордақылау кешені де бар. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Серіктестіктің еншісінде 20 мың бас ұсақ малға арналған қора да бар. Кешенде өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет ел нарығына шығару жұмысын да қолға алған. Мәселен жыл басынан бері «Қайып ата» Иранға 6 мың бас қой етін, Өзбекстанға 300 бас ірі қара мен 32 жылқы жөнелткен. Одан бөлек, ел нарығына 393 тонна сиыр етін етін саудалаған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ