ОҚО-дағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен 2 мыңнан астам азамат жеке кәсібін ашқан

Орталық рұқсат құжаттарын рәсімдеу аясында ағымдағы жылдың 11 ай көлемінде кәсіпкерлерге 3 мыңға жуық рұқсат құжат алынуына көмек көрсетілген.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2017, , 15:41

«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегі негізінде ағымдағы жылы 2 мыңнан астам кәсіпкер жеке кәсібін бастады. Нәтижесінде 3600 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, орталық рұқсат құжаттарын рәсімдеу аясында ағымдағы жылдың 11 ай көлемінде кәсіпкерлерге 3 мыңға жуық рұқсат құжат алынуына көмек көрсетілген.

«Бұл бағытта жылдық индикатор 2500 қызмет болып бекітілсе, жоспар 105 пайызға орындалып отыр. Биыл кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтаған 705 кәсіпкер 2,5 млрд. теңге көлемінде қаржы алып, өз бизнестерін дамытуға кіріскен. Қалған оқудан өткен тыңдаушылыр құжаттарын қаржы институттарына тапсырып, қаржыландыруды күтуде», - деді Ғани Әріпұлы.

Айта кететіні, қаржыландырылған жобалар негізінен мал шаруашылығы, егіншілік пен өндіріс және қызмет көрсету салаларына бағытталған.

Бұдан бөлек, құны 1 млрд. теңгеден астам сомаға 47 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне және 196 кооператив мүшелеріне 240-қа жуық бизнес жоспар әзірленген. Нәтижесінде 47 кооператив пен 88 кооператив мүшелері жалпы сомасы 891 млн. теңгеге қаржыландырылып отыр.

Қазіргі таңда «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көрсететін қызмет түрлерін кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру үстінде. Атап айтқанда, бүгінде кеңес беру қызметі тесттік жүйеде онлайн түрінде іске асып келеді. 2018 жылдан бастап бірқатар қызметтерді онлайн режиміне өткізу жоспарлануда.

Орталық қызмет көрсету жүйесін бұдан әрі оңтайландырып, жетілдіре түсу үшін ұтымды жобалар мен тиімді технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыра түспек.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ