ОҚО әкімі облыс тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2017, , 08:01

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспсөз қызметі хабарлады.

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын.

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында облыс аумағында көптеген игі істер атқарылуда.

Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында еліміз экономикалық реформаларды жүзеге асырып, нәтижесінде қазір біз тұрмысы түзелген, халқының әл-ауқаты жасқарған мемлекеттердің қатарына қосылдық. Тұңғыш Президентіміз қиын-қыстау кезеңдерде ұлт болашағын, халықтың келешегін айқындайтын қадамдарға барып, қуаты жағынан әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту арқылы дүниежүзінде адамзаттық тұрғыдағы үлгілі қадамға барды. Осы көреген саясаттың арқасында қазақ халқының шынымен де бейбітшілік сүйгіш ел екендігі әлемге паш етілді. 1995 жылы Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жылдар аралығында өзінің қажеттілігін талай рет дәлелдеді. Ішкі бірлікті сақтау арқылы жалпыұлттық тұтастыққа, тұтастық арқылы дамудың даңғыл жолын таңдауымызға темірқазық бола білді.

Қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді көсемдігінің нәтижесінде тарихи табыстарға қол жеткізді. Бүгінде халықаралық қауымдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, тату көрші, сенімді әріптес ретінде құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуін оң бағалауда. Мемлекет басшысының экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарына кіру бағыты жөніндегі шешімі де жоғары деңгейдегі мемлекеттік менеджменттің тамаша үлгісі ретінде бағаланып отыр. Сіздерді сенім мен ізгі тілектің бастауы болған – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!», - деді облыс әкімі.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ