Қарағандыда әйел адам мұзға құлап, сол жерде қайтыс болды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: Sn.kz25 Желтоқсан 2017, , 16:36

Қарағанды қаласының орталығында әйел адам мұзға тайып құлап, сол жерде қайтыс болды деп жазады Today.kz.

Оқыс оқиға қалалық емхананың жанындағы Мира гүлзарында болған.

«Құлап қалған әйелді өтіп бара жатқан адамдар қолымен демеп, тұрғызбақ болғанда, оның ес-түссіз екенін байқаған. Басы мұзға қатты соғылса керек. Қазір қала көшелерінде көктайғақ болып жатыр», – дейді куәгер.

Оқиға орнына полиция жеткен. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ