Назарбаев Қырғызстан Президентімен кездесті

Жеке өз басым да, Қазақстан да Қырғызстанға тіл тигізген емес, ешқашан жаман әрекетке барған жоқ. Бұл дұрыс та, себебі, біз келеміз де, кетеміз, ал екі елдің халқы қалады.

Фото: Sputniknews.kz25 Желтоқсан 2017, , 17:04

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуді бастаған Назарбаев әріптесін көргеніне қуанышты екенін жеткізді.

"Тәуелсіздік алғалы 26 жыл бойы өмір сүріп келеміз. Жеке өзім де, Қазақстан да Қырғызстанға тіл тигізген емес, ешқашан жаман әрекетке барған жоқ. Бұл дұрыс та, себебі, біз келеміз де, кетеміз, ал екі елдің халқы қалады. Әр ұрпақтың алдында осы қарым-қатынасты кейінгі ұрпаққа табыстау міндеті тұр. Сондықтан да, қош келдіңіз! Халық сізді таңдады, Құттықтаймыз", - деді Назарбаев.

Айта кету керек, Жээнбеков Қырғызстан Президенті болғалы бері бұл екінші кездесу. Минскте кездесіп, көп мәселенің шешімін таптық.

"Сіз бастап келген қырғыз делегациясының барлық қойған мәселесін шешуге Қазақстан әр уақытта дайын", — деді Елбасы кездесу барысында.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ