Қостанайда қылмыстық топ мүшелерінен 60 келіге жуық марихуна тәркіленді

Күдіктілердің бірі Тараз қаласында ұсталды.

Фото: ҚазАқпарат26 Желтоқсан 2017, , 11:21

Қостанай облысында есірткі заттарын таратқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күдіктілердің бірі Тараз қаласында ұсталды. Сол күні қылмыстық топ мүшелерінен 59 кг марихуана тәркіленді. Қазір ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Іс деректеріне сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында полицияға Қостанай облысының аумағында есірткі құралдарын таратып жүрген адамдар туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыстық топтың мүшелерінің алтауы 19-38 жас аралығында. Олар - Қостанай облысының тұрғындары. Тәртіп сақшылары күдіктілердің іс-қимыл схемасын жасалған.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ