Тұрсын Алагөзов: Баянға үйленген соң Мейрамбекті тыңдайтын болдым

Кәсіпкер бұрын қазақ эстрадасын мүлдем тыңдамаған деседі.

Фото: Stan.kz26 Желтоқсан 2017, , 11:35

Жаңа әйел алсаң, өміріңмен қоса талғамың да өзгереді! Жуырда ғана Баян Мақсатқызымен отау құрған Тұрсынғали Алагөзовтің пікірі осындай. Кәсіпкер екінші рет отағасы атанған соң өмірінің күрт өзгергенін айтады. Тіпті, шоу-бизнестегі ең танымал продюсердің күйеуі атанған Тұрсынғали қазақы ортаға жақын бола бастағандай, деп жазады Stan.kz .

Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Кәсіпкер бұрын қазақ эстрадасын мүлдем тыңдамаған деседі. Тіпті, бүкіл қазақ халқы сүйіп тыңдайтын Мейрамбекті танымаған ол бүгінде Бесбаевтың адал жанкүйеріне айналған. Бұл туралы Алагөзов инста-парақшасында жазды.

“Бұрын Борис Гребинщиковты тыңдайтынмын, ал бұдан былай Мейрамбек Бесбаевтың жанкүйерімін. Жаңа әйел алған соң талғамың да өзгереді екен. Танысқаныма қуаныштымын”, – деп бөлісті Алагөзов.

Айтпақшы, Баян Мақсатқызымен танысқанда Тұрсын Алагөзов оның елімізге атақты продюсер екенін білмепті. Бұл туралы Баян Алагөзова автобиографиялық кітабында баяндаған болатын.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ